Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесін тигізу арқылы ауланың аумағын тазартып, абаттандырып, жасыл желектер отырғызу арқылы ауылдың шырайы кіретін кез.
Жуалы ауданы, Қошқарата ауылдық округіне қарасты «Дәурен» мешітінде (Екі мың) 2000 түп ағаш отырғызылды.
Дәурен мешітінің жанына бау-бақшағв әкімшілік тарапынан бастаманы көтерген ауыл әкімі Мейіржан Бегасылұлы, мешіт имамы Кемерханұлы Нұрмахан және ауыл тұрғындары «Бір тал кессең, он тал ек» атты акцияға бір кісідей қатысты. Мешітке келген көпшілік мешіт тазалығына қатысып, қоқыстардан тазартты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.