ҚАБІРСТАНДАРДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАБІРСТАНДАРДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына сәйкес, республика көлемінде "Өткенге құрмет – тіріге міндет" атты акция аясында қабірлерді тазалау іс-шарасы ұйымдастырылды.

Осы бастамаға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жетекшілік етіп, өңірдегі барлық мешіт имамдары мен ерікті жамағат белсене қатысты.

Шара барысында жамағат мүшелері қабір басына барып, Құран аяттарын оқып, сауабын марқұмдарға бағыштады. Сонымен қатар мазараттардағы қоқыстар мен арық бойындағы арам шөптер толықтай тазаланып, қоршаған орта ретке келтірілді.

Игі іс-шара мұсылман қауымының өткенге деген құрметін көрсетіп, ұрпақ санасына тәрбиелік маңызы зор өнеге қалдырды.

Жамбыл облыстық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: