Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Мешіт ұстазы Смағамбетова Клара Диханбайқызының бастамасымен әйел-қыздар жамағаты мешіттің ішкі-сыртқы аумағын тазартып, көркейту жұмыстарына белсене атсалысты. Мешіт бақшасына гүл көшеттері отырғызылып, жазғы гүл қауашақтары себілді. Сондай-ақ, айнала қоқыстардан толықтай тазартылды.
Бұл – мұсылманға тән тазалық пен көркем үлгінің жарқын көрінісі болды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

