ЖУАЛЫ: ИМАМДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ТЕРРОРИСТІК ИДЕОЛОГИЯ ҚАТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖУАЛЫ: ИМАМДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ТЕРРОРИСТІК ИДЕОЛОГИЯ ҚАТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жуалы аудандық орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде ауыл имамдары мен жамағатқа арналған ақпараттық-танымдық кездесу өтті. Басқосу барысында «Әлеуметтік желідегі дүниежүзілік террористік идеологтардың қатері» тақырыбы кеңінен қозғалып, өзекті мәселелер сөз болды.

Кеңеске Жамбыл облыстық дін проблемаларын зерттеу орталығының маманы Ержан Ізтілеу қатысып, діни экстремизм мен радикалдық ағымдардың интернет кеңістігінде таралу жолдары мен оған қарсы тұру амалдарын нақты мысалдармен түсіндіріп берді.

Сонымен қатар, діни қызмет саласындағы заңнамалар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғам тыныштығын сақтау жолында имамдар мен жамағаттың жауапкершілігі жоғары екені айтылды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: