Жуалы ауданы, Жаңаталап ауылындағы «Сапар ата» мешітінде истисқа — жаңбыр тілеу дұғасы оқылып, жамағатқа тасаттық садақасы таратылды. Ауыл тұрғындарына арнайы ас беріліп, бірлік пен береке тілеген дұғалар оқылды.
Сонымен қатар, ауыл маңындағы бейіт басына барып, зират айналасын қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл — діни һәм ұлттық дәстүрге сай игі істің бір көрінісі болды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі