Жуалы ауданы, Көлбастау ауылы, "Құлый баба" мешіті жанындағы бос тұрған ғимаратты ауыл жамағаттары және ауыл тұрғындары уақып ретінде мешіт құрылысы үшін сатып алынған еді.
Мешіт имамы мен мешіт жанашырлары бастамасымен мешіт жанына асхана және мешіт медресесіне құрылысын салу бойынша жұмыстар бастамасы ретінде ескі ғимаратын бұзу жұмысы жүргізілді.
Ескі ғимарат орнына алғашқы ірге тасы қаланып, ауыл тұрғындары қол көмегін беруде. Қолдан келгенінше жәрдем ретінде құрылыс заттары цемент, техникамен жәрдем беріп асарлату жобасымен көмек беруде.
Мешіт имамы Айбатбекұлы Бақытжан көпшілікке алғысын білдіріп, қариялар батасын берді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.