Жуалы ауданы, Шақпақата ауылдық «Шақпақата» мешіті арқылы игі бастама жүзеге асып, көпшіліктің алғысына бөленді. Қайырымдылық – мұсылманның айнымас қасиеті екенін ұмытпаған мешіт ұжымы төрт отбасына 100 000 теңгеге қажетті азық-түлік алып, ихсан садақасын таратты.
Алланың разылығы үшін жасалған бұл шара – мұқтаж жандарға қуаныш сыйлап, ізгілікті іспен үлгі боларлық өнегелі іс болды. Қайырымдылық – жүректен шыққан шынайы жанашырлық. Жақсылықты жалау еткен жандардың әрбір амалы Алланың мейіріміне бөленгей!
Жуалы аудандық мешітінің басрасөз қызметі.