Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешіт жамағатына «Дін мен дәстүр құндылықтары» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Қазақ халқының ұлттық салт-санасы мен әдет-ғұрыптары Ислам дінімен тығыз байланысты. Дін мен ділдің, салт-сана мен шариғи ғұрыптардың өзара астасуы елдің бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне негіз қалайды. Сондай-ақ, Ислам діні ұлтымыздың бітім-болмысы мен мәдениетінде дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында өзіндік із қалдырған.
Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде сақталған діни дәстүрлер: сүндеттеу, неке қию, Құрбан айт пен Ораза айт, жарапазан, садақа, пітір таратып, бата беру, тәуіптік емдеу әдісі, тасаттық жасау діни жоралғылардың өміршеңдігін көрсетеді. Сондай-ақ мазарлар мен кесенелер, мешіттер мен медреселер халқымыздың тарихында ұлт руханиятының асыл қазынасы ретінде қызмет атқарды. Тақырыпты талқылай келе жиналған жамағат көкейдегі сұрақтарына толыққанды жауап алып тарқасты.
Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің баспасөз қызметі