Шу ауданына қарасты «Бірлікүстем» ауылындағы мешіт ауласы енді гүлденіп, жаңаша кейіпке енуде. «Бірлікүстем» мешіттің молдасы Жетпісбай Алимбековтың бастамасымен 70 дана питуния және 30 түп сәндік гүл отырғызылды.
Жасыл желекке айналған мешіт ауласы – жамағаттың жүрегіне қуаныш, көзге көрік сыйлайтын орынға айналып келеді. Гүл егу жұмыстарына 22 400 теңге қаражат жұмсалды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.