#Шу: Ауданында «Қабір тазалау» шарасы өтті

#Шу: Ауданында «Қабір тазалау» шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас мүфтидің тапсырмасына орай, Шу ауданының барлық мешіт имамдары «Қабір тазалау» атты ізгі шараны ұйымдастырды. Жексенбі күні өткен бұл игі бастамаға ауыл тұрғындары қариялардан бастап жастарға дейін белсене атсалысты.

Ата-бабасын сыйлап, өткенге құрмет көрсетіп келген халық бұл шара барысында қоқыстан тазартып, арамшөптерін жұлып, айналаны ретке келтірді. Бұл – тек тазалық шарасы ғана емес, марқұмдарға құрметтің де көрінісі болды.

Игі іске жиналған жамағат шара соңында Құран аяттарын оқып, бақилық болған жандардың рухына дұға бағыштады. Мешіт имамдары бұл бастама мол сауап екенің айтып, барша қатысушыларға алғыс айтты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: