#Т.РЫСҚҰЛОВ: БАС ИМАМ ЖАРЛЫСУДА ЖҰМА ОҚЫДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: БАС ИМАМ ЖАРЛЫСУДА ЖҰМА ОҚЫДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы Жарлысу ауылында жұма намазын жүргізді. Жұма намаз алдында мешітке жиналған жамағатқа «Ысырапшылдық – Алла сүймейтін іс» тақырыбында уағыз айтты.

Аудан бас имамы уағызында: «Алла Тағаланың тарту еткен несібесін бет алды шашу, ысырап ету –  түбінде адамға өкініш алып келетін іс. Ысырап дегеніміз – ішіп-жеуде, киім кигенде, қаражат, мал-дүние жұмсағанда мақсатсыз, рәсуа етуді білдіреді.

Ысырап тек дүние-мүлік пен қаражатқа ғана қатысты емес. Мысалы, уақытты бос өткізу, мағынасыз, пайдасыз өсек-аяң айтып алтын уақытты зая кетіру, білімді пайдасыз істерге жұмсау бұл да – ысырап. Нақтырақ айтқанда, Алла Тағаланың бізге берген әр нығметін мақсатсыз, әділетсіз пайдалану ысырап болып табылады», - деп, түсініктеме берді.

 

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: