Президентіміздің «Таза Қазақстан» жобасы аясында, Бас Муфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазреттің тапсырмасымен Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен ауданға қарасты бірқатар мешіт аулаларына тал отырғызылды.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», деген ата-бабаның ұрпағы болғандықтан, тал егетін науқанды пайдаланып, жеміс ағаштарының көшеттері және шырша талдардың көшеттері отырғызылды. Аудан бойынша мешіт ауласына 220 түп ағаш егілді. Сонымен қатар, роза гүлдері және басқа да әр түрлі гүлдер егілді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі