Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылы «Қалқабай ата» мешітінің имамы Таукеев Талғаттың бастамасымен мешіттің сыртына жөндеу жұмыстары жасалуда. Ауыл азаматтары бірігіп Алланың үйін әдемілеуге кірісіп, мешіт сыртын әрлеп, жаңартып жатыр. Ауыл имамы мешітке көмек қолын созып, жәрдем бергендерге алғыс айтып, дұға қылды.
Құран Кәрімде және хадистерде мұсылмандардың құлшылық жасайтын мекені әрі пенде мен Раббысы арасындағы байланысын арттыратын орын «мешіт» деп аталған. Осылай аталуының өзіндік себебі бар. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Құлдың, Раббысына ең жақын сәті сәжде жасаған кезі»,- деп атаған. Демек мешіт пендені Раббысына жақындататын қасиетті орын.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі