Аспара ауылындағы шекара бөлімшесінде өткен «Патриотизм және Дін» атты кездесуге Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Бауыржан Пирназаров арнайы қатысып, әскери қызметкерлер мен жас сарбаздарға рухани тәлім-тәрбие берді.
Кездесу барысында елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқандығы, ұлтаралық татулық пен бейбіт мәміленің маңызы кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, асыл дініміздің ұлттарды бөліп-жармай, керісінше, бірлік пен бауырмалдыққа үндейтіні түсіндірілді.
Жас сарбаздарға елдің тыныштығын сақтау жолында рухани серпін беріп, ынтымақ пен бірлікке бастайтын өнегелі уағыз айтылды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі