"Һибатулла Тарази" мешітінде Әйел-қыздар секторының ұстаздарына арнап ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша пәтуа бөліміне жауапты имам Сейтқали Әбдіқадір жиын өткізді.
Жиын барысында пәтуа берудің маңызы мен жауапкершілігі, заманауи мәселелерге шариғи тұрғыдан жауап беру тәсілдері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ҚМДБ Пәтуа бөлімінің жұмыс бағыттары таныстырылып, әйел ұстаздардың сұрақтарына нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді.
Сейтқали Әбдіқадір fatua.kz ресми сайты арқылы сенімді әрі шариғи тұрғыдан бекітілген ақпарат алудың жолдарын түсіндіріп, пәтуа беру кезінде нақты дәлелге сүйенудің маңызын атап өтті.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі