Ұлыбританияда мұсылман әйелдердің хиджабсыз суреттерін сақтауға тыйым салынбақ

Ұлыбританияда мұсылман әйелдердің хиджабсыз суреттерін сақтауға тыйым салынбақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлыбритания парламенті мұсылман әйелдердің хиджабсыз түскен суреттерін сақтауды, жариялауды және таратуды қылмыс деп танитын заңға түзетулер енгізуге дайындалуда, деп хабарлайды Liter.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Қауымдар палатасының әйелдер және гендерлік теңдік істері жөніндегі комитеті мұсылман әйелдің жаулықсыз түсірілген фотосуреттерін рұқсатсыз таралған интимдік бейнелермен теңестіріп, оларды сексуалдық зорлық-зомбылықты бейнелейтін материалдармен бірдей заңдық деңгейде қарастыруды ұсынды. Мұндай заң бұзушылық жасағандар түрме жазасына кесілуі мүмкін.

Егер түзетулер қабылданса, олар осы жылдың соңына дейін заңды күшіне енеді. Қазіргі заңнамада интимдік бейне ретінде адамның толық немесе жартылай жалаңаш күйде болуы, жыныстық қатынас жасауы немесе дәретханада отырғаны бейнеленген суреттер қарастырылады.

Депутаттардың пікірінше, бұл анықтама кеңейтілуі керек. «Мысалы, кейбір мәдениеттерде, елдерде немесе діндерде адамның діни киімсіз түскен фотосуретін жариялау немесе біреуді құшақтап тұрғанын көрсету оның өміріне ауыр зардаптар әкелуі мүмкін», – дейді парламент мүшелері.

Алайда, Ұлыбританияның әділет министрі Алекс Дэвис-Джонс бұл мәселе бойынша ортақ шешім табу қиын екенін және заңның тым қаталдануына әкелуі мүмкін екенін алға тартты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: