Орталық «Жәми» мешітінде Рамазан айы ерекше рухани әсерге толы өтті. Әйел-қыздар жамағаты қасиетті ай бойы Құран Хатым оқыды.
Игі шараға мешітке жиналған шәкірттер белсенді қатысып, күн сайын қасиетті кітаптың аяттарын дауыстап оқып, сауапты істерге атсалысты. Қасиетті Құранды толық хатым етудің рухани маңызын түсінген әйелдер жамағаты бұл үрдісті жыл сайын жалғастыруға ниетті екендіктерін жеткізді.
Бұл шара әйел-қыздар арасында үлкен әсер қалдырып, қасиетті Рамазан айының берекесін сезінуге мүмкіндік берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.