Шу ауданы «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторы қасиетті Қадір түнін ерекше құрметпен қарсы алды. Айлардың сұлтаны саналатын Рамазанның ең қасиетті түніне орай «Қасиетті түн – қадір түні» атты рухани кеш ұйымдастырылды.
Игі шара барысында әйел жамағатқа арнайы уағыз-насихат айтылып, Қадір түнінің қадір-қасиеті түсіндірілді. Жиынға қатысқан әйелдер мен қыз-келіншектер дұға жасап, өз сұрақтарына жауап алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.