Жамбыл облысы Жуалы ауданы Толымбайтегі “Зиябек” мешітінің ұстазы Клара Диханбайқызы және “Асыл Аналар” әжелер мектебінің өкілдері “Әсем Достар” балабақшасына арнайы барып, бүлдіршіндерге тәтті мақта таратып, ертегі айтып, ақ батасын берді.
Өз кезегінде балабақша тәрбиеленушілері жаттаған тақпақтарын айтып, келген қонақтарға алғыс білдірді. Бұл игі бастама бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, оларға мейірім мен жылы лебіз сыйлады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі