Жамбыл облысы Жуалы ауданы Толымбайтегі “Зиябек” мешітінде ұстаз Клара Диханбайқызының ұйымдастыруымен әйел жамағатына ауызашар берілді.
Шара барысында “Рамазан айының артықшылықтары”, “Қадір түнінің қадір-қасиеті”, “Қадір түнін қалай өткізу керек және қандай ғибадаттар жасауға болады?” тақырыптарында уағыз-насихат айтылып, жамағат арасында сұрақ-жауап өткізілді.
Сонымен қатар, Құран хатым оқылып, дұға жасалды. Бұл игі бастама жамағаттың рухани бірлігін арттырып, қасиетті айдың маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі



01 Ақпан 2026
13 Шаабан 1447

