Жуалы ауданы, Теріс ауылындағы “Мырзахмет ата” мешітінде Рамазан айт мерекесі қарсаңында бүлдіршіндерге тәттілер үлестірілді. Игі шараға мешіт имамы Мұсағалиұлы Бауыржан ұйытқы болып, ауыл балаларына қуаныш сыйлады.
Бұл шара мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, кішкентай жамағаттың жүрегіне мейірім мен қуаныш ұялатты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі



23 Маусым 2026
7 Мухаррам 1448

