БАС ИМАМ ҚАРАТАУ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЗЕКЕТ ТАБЫСТАДЫ

БАС ИМАМ ҚАРАТАУ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЗЕКЕТ ТАБЫСТАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғындарына емдік мақсатта қаржылай көмек табыстады. Облыс басшысын Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Жұбатқанов бастап барды.

Имамдар науқас жандардың шаңырағына арнайы барып, олардың хал-жағдайын сұрап, зиярат етті. Әрбір отбасыға 200 000 теңгеден, жалпы 600 000 теңге зекетке берілген ақшаны тарту етті. “Зекет және қайырымдылық” қорына жиналған қаражат науқас жандарға жеткізіліп, аманат орындалды.

Тұрғындар жаны жомарт кәсіпкерлерге алғыс айтып, бас имам науқастардың дертіне шипа тіледі.

“Һибатулла Тарази” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: