#Тараз: Қалалық мешіттеріндегі Қадір түні

#Тараз: Қалалық мешіттеріндегі Қадір түні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазанның айының 26-нан 27-не қараған қасиетті қадір түнін Тараз қалалық мешіттер қарсы алды.

Аудандық барлық мешіттерде мың айдан қасиетті Қадір түніне арнайы бағдарлама жасалып, уағыздар кестесі бойынша насихат жұмыстары жүргізілді. Биыл да қасиетті түні жиналған жамағаттың қарасы көп болып, мешіт іші мен ауласына лық толды. 

Күнделікті тарауық намазы оқылған соң мешіт имамдары қадір түнінің қасиеттілігі жөнінде және Аллаға деген құлшылықтың адам баласын бақытты ететіні жайлы дәріс жүргізіп, барлық халықтың қадір түніндегі тілек-дұғалары қабыл болуын сұрап, дұға етті.

Сонымен қоса, Діни жарыстар өткізіліп, түрлі сұрақтар қойылып, бағалы сыйлықтар табысталды. Сәресі уақыты келгенде мешіт асханасында жайылған дастарханда ораза тұтқан жандар сәресін ішіп, таң намазында сап түзеп, үй-үйлеріне тарқасты.

Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: