Тараз қаласы «Намаз ата» мешітініңде шәкірттер арасында Құран Кәрімді жатқа оқу жарысы өтті. Мешіт шәкірттері үлкен-кішісі бақ сынасып, асыл дініміздің діңгегі сүре-аяттарды жатқа, сондай-ақ көркем айтуға тырысты.
Бұл шараға «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Иманалиева Жазиражәне«Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Үсенова Зейнеп төрелік етті. Әділқазы алқасы жеңімпазды анықтап, марапаттау рәсімін жүргізді.
Үздік деп танылған қатысушылар төмендегідей марапатталды:
«әль-Фәжр» сүресінен бастап:
1) Фадина, жүлде 50 000 теңге
2) Зарина, жүлде 30 000 теңге
3) Сибель, жүлде 20 000 теңге
«әд-Духа» сүресінен:
1) Ситора, жүлде 25 000 теңге
2) Амина, жүлде 15 000 теңге
3) Назли, жүлде 10 000 теңге
«әль-Филь» сүресінен:
1) Өзлем, жүлде 15 000 теңге
2) Рабия, жүлде 10 000 теңге
3) Нармина, жүлде 5 000 теңге
Ұйымдастырушылар мен ұстаздар шәкірттердің Құран жаттауға деген ынтасын жоғары бағалап, болашақта осындай рухани байқауларды жиі өткізуді мақсат етіп отыр. Жарыс соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар беріліп, шара мерекелік көңіл-күймен аяқталды.
Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.