Қасиетті Айт мерекесі қарсаңында Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінде жамағаттың басын қосқан ұлттық ойындар жарысы ұйымдастырылды. Бұл шара халықтың бірлігін нығайтып, ата-баба дәстүрін дәріптеуді мақсат етті.
Жарыста арқан тарту, гир көтеру және бір қап қант көтеру сынды ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар өтті. Шараға мешіт жамағаты мен жастар белсене қатысып, өздерінің күш-жігерін сынады.
Іс-шараны мешіттің бас имамы Ержан Аманбаев ашып, Айт мерекесінің маңызы мен халықты бірлікке, игі дәстүрлерді жаңғыртуға шақыру қажеттігін атап өтті. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар үйлестірілді.
Осындай игі бастамалар ұлттық құндылықтарды насихаттап, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға үлкен серпін беретіні сөзсіз.
Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.