#Шу: «Жәми» мешітінде Айт мерекесі тойланды

#Шу: «Жәми» мешітінде Айт мерекесі тойланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айт мерекесінің рухани маңызымен қатар, ауыл жастары үшін қызықты әрі есте қаларлықтай көңілді уақыт өткізудің мүмкіндігі жасалды. Орталық «Жәми» мешітінде айтулы мерекеге орай ерекше іс-шара ұйымдастырылды.

Айт намазынан кейін мешіт ауласында садақ атудан жарыс өткізілді. Жарысқа ауылдың жастары мен үлкендері қатысты. Шара ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және жастарды салауатты өмір салтына баулу мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып:

1-орын 20 000 теңге және бір қап қант

2-орын 15 000 теңге

3-орын 10 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды.

Қатысушылар мен мешіт жамағаты бұл бастаманы жоғары бағалап, он бағаларын берді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: