Бүгін «Аманкелді» мешітінде ауыл жастарының ұйымдастыруымен қасиетті айт мерекесіне орай ерекше шара өтті. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық ойындар ұйымдастырылып, мешіт аумағында мерекенің сәні кірді.
Шара барысында балаларға тегін балмұздақ таратылып, арнайы батут қойылды. Жас буынға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған бұл игі бастама ауыл тұрғындары тарапынан ерекше қолдауға ие болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастарды бірлікке, қайырымдылыққа және салауатты өмір салтын ұстануға шақыруды көздейді. Айт мерекесінің рухани маңызымен қатар, ауыл жастары үшін күрес, қол күрес сияқты ұлттық ойын қызықты әрі есте қаларлықтай көңілді уақыт өткізудің мүмкіндігі жасалды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.