Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев Этномедия кеңесінің отырысында өткен “Отбасы құндылығы” тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Шара барысында отбасы құндылықтары, ұлттық және діни құндылықтарды сақтау мәселелері талқыланды. Бас имам өз сөзінде Исламдағы отбасының рөлі, ата-анаға құрмет, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы ой қозғап, қатысушыларға рухани бағыт-бағдар берді.
Семинар отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталып, қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға үлес қосатын маңызды жиындардың бірі болды.