“Әзірет Әли” мешітінде қасиетті Рамазан айына орай әйел жамағаты арасында “Рамазан – рухани азық” атты сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараға мешіт ұстазы Алтынай Қыдырбай жетекшілік етті.
Сайыс сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар Рамазан айының қадір-қасиеті, ораза ұстаудың шарттары мен артықшылықтары, исламдағы негізгі ұғымдар төңірегінде білімдерін сынады.
Әйел жамағаты белсенділік танытып, өзара тәжірибе алмасып, діни сауаттылығын арттыруға мүмкіндік алды.
Тараз қалалық “Әулие ата” мешітінің баспасөз қызметі.



08 Желтоқсан 2025
17 Джумада-сани 1447

