Шу ауданы «Бірлікүстем» мешітінде ұлттық салт-дәстүр мен діннің сабақтастығын насихаттаған рухани кеш ұйымдастырылды. Жиынға ақ жаулықты әжелеріміз шақырылып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тағылымды әңгімелер айтты, дәстүрлі әндер шырқады.
Кештің ерекше сәттерінің бірі – тұсаукесер рәсімі болды. Ақ жаулықты әжелеріміз бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ақ жол тіледі, халқымыздың тәрбиелік мәні зор дәстүрін көрсетіп, жас ұрпаққа өнеге ұсынды.
Дін мен дәстүрді тоғыстырған шара соңында қарияларға сый-сияпат табысталып, құрмет көрсетілді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.