Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы “Давруш ата” мешітіне арнайы барып, жамағаттың жағдайымен танысты.
Сапар барысында мешітте ірі қара мал құрбандыққа шалынып, оның бір бөлігі «Һибатулла Тарази» медресесіне таратылды.
Бас имам мешіт ұжымымен кездесу өткізіп, діни қызметтің сапасын арттыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, алдағы уақытта мешіттің атқаратын жұмыстары мен қайырымдылық шараларын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Тараз қалалық “Әулие ата” мешітінің баспасөз қызметі.