#Тараз: «Асым ата» мешітінде 12 отбасыға қайырымдылық жасалды

#Тараз: «Асым ата» мешітінде 12 отбасыға қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Асым ата» мешітінің ұйымдастыруымен 12 жанұяға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті таратылды.

Игі шара қасиетті Рамазан айының құрметіне орай мұқтаж жандарды қолдау және жамағатты ізгілікке баулу мақсатында жүзеге асты. Жанашыр жандардың демеушілігімен өткен қайырымдылық шарасы көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қуаныш сыйлады.

Көмек алған жандар ұйымдастырушыларға шынайы ризашылықтарын білдіріп, ақжарма тілектерін жаудырды. Олар мұндай сауапты істердің дәстүрге айналғанын айтып, мешіт ұжымына алғыс айтты.

Айта кетейік, «Асым ата» мешіті бұған дейін де көптеген қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, халықтың алғысына бөленіп келеді. Жомарт жандардың қолдауымен мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: