Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы аудандық орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде Қасиетті Рамазан айында арнайы қариларды алдыртқан еді.
Қадір түні кешінде келуші жамағаттарға мешіт бас имамы Қабылбекұлы Ғалымжан тарауық намазы алдын кезекті уағыз жүргізді. Құптан мен Тарауық намаздарын оқып болған соң Алланың хаты Құран кәрім хатым етіліп, батасын берді. Соңында бір айға жуық хатым оқыған Мухамед және Мухамедали атты екі хафизімізге рахмет айтып, сый сияпат жасап алғысын білдірді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.