Алла елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Қандай да бір мұсылман ағаш отырғызса немесе егін ексе, ол егістіктен адамдар, жануарлар мен жәндіктер, құстар жесе, ол адам үшін садақа болып есептеледі», - деген. Дінімізде адамзатқа, қоғамға және жалпы жаратылысқа пайдалы болу - ізгі амал болып есептеледі. Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылында ауыл имамы Өмірзақов Нұртуған және жамағаты мешіт ауласын көгалдандыруға ат салысты.
Көпшілікке Нұртуған имам Алла елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сүннетін айтып қана қоймай, іспен де көрсетіп берді. Қасиетті Рамазан айы - жасалған амалдар сауабы еселенетін ай. Алланың разылығын көздеген әрбір мұсылманға, осы ай таптырмас мүмкіндіктер айы. Баршамыздың амалдарымыз қабыл, мұраттарымыз асыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі