«Кімде-кімнің қолында бір ағаштың көшеті болса, Қиямет басталып кетсе де, қолындағы көшетті дереу отырғызсын», - деп бұйырған Алланың елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын). Қасиетті ай мен көктем мезгілі қатар келіп, табиғатты көгалдандыру іске асқан сәтті пайдаланып, сауапты амалдардан дін қызметкерлері де құр қалмады.
Осы көзделген мақсатқа ат салысқан аудан бас имамы мен дін қызметкерлері Қордай ауданының, «Болашақ» мөлтек ауданында жас көшеттер мен талдар екті. Айналамыздағы табиғатты аялап күтуге, оны жандандыруда, халыққа үлгі өнеге болуға жамағат болып жұмылды. Баршамыздан ізгі амалдар мен қабыл болған жария садақалар қалсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі