Рамазан айы – жақсылық жасауда жарысатын ай. Құлшылықтарды арттыратын ай. Бұл айда сауаптар еселенеді. Дәрежелер көтеріледі. Рамазан айында мұсылманның мән беруі керек болған амалдарының бірі – садақа.
Қасиетті айда оның сауабы еселене түспек. Аудандық «Қордай» мешіті имамы Жалғас Аманкелдіұлы мұқтаж отбасыларға азық-түлік қоржынын табыстады. Рамазан айында жасаған ізгі-тілек мен амалдар қабыл, мұраттар асыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі