Қасиетті ай қарсаңында Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде Құранның зам сүрелерінен шәкірттер арасында сайыс өтті. Ауданның бас имамы аталмыш жарысқа арнайы шақырылып, әйел-қыздар жамағатын «Қасиетті ай» және «Қадір түнімен» құттықтады.
Қатысушыларға «Құранның құндылығы» жайлы уағыз-насихат жүргізді. Шәкірттерге алғыс айтып, өз тарапынан даярлаған сый-сыяпаттарын тапсырды. Осындай ынталандыру мен қолдау Алланың қалауымен болашақта да қолға алынатынын тілге тиек етті.
Аудандық «Қордай» мешіті Әжелер алқасы мүшелері де сайысқа қатысып белсенділік танытты. Ақ жаулықты аналарымыз жастарға жылы, көркем насихатын айтып, ұстаздар мен демеушілерге алғысын жаудырды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі