ҚМДБ БАСПАСӨЗ ӨКІЛДЕРІ ОНЛАЙН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

ҚМДБ БАСПАСӨЗ ӨКІЛДЕРІ ОНЛАЙН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің онлайн жиыны өтті.

Басқосуға Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейтбеков, бөлім меңгерушісі Нұрсұлтан Сәбитұлы, бөлім мамандары мен ҚМДБ баспасөз өкілдері қатысты. Жиында Смайыл Сүйерқұлұлы Бас мүфти бастамасымен Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі құрылғанын, сондай-ақ ақпарат саласының бүгінгі таңда өте өзекті екенін атап өтті. Одан бөлек, сайт, әлеуметтік желілер мен телеарна, баспасөзде жарияланатын ақпараттардың маңызын түсіндіріп өтті.

Бұдан кейін Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Сәбитұлы алдағы жоспарларын бөлісіп, мамандар тарапынан ұсыныс-пікірлер тыңдалды.  

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: