Шу ауданына қарасты барлық мешіттерінеде қасиетті Рамазан айына орай қайырымдылық шаралары өз кезекті жоспарымен жүзе асты.
Атап айтқанда, «Бірлік» мешіті, «Күнту баба» мешіті, «Бірлікүстем» мешіті, «Жанабай» мешіті, «Әбу-Бәкір Сыддық» мешіті, «Жиенбет Жексенбай» мешіті, «Бірлік» мешіті, «Еңбекші» мешіті, «Рақыш ата» мешітінің белсенді жамағаты мен жомарт жандар демеушілік көрсетті.
Көпбалалы, мұқтаж отбасыларға, мүгедектігі бар жанұяларға қаржылай, азық-түлік пен тұрмыстық заттар, киім-кешектер және басқалай да қайырымдылық шаралары жасалды. Жалпы қаражат 676 000 теңгені құрады.
Рамазан айының соңғы күндеріндегі игі шаралар ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлап, қасиетті айдын берекесін сезіндірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.