Жуалы ауданы, Қарабастау ауылындағы мектеп стадионында 22-наурыз күні қарсаңында ересектер арасында өткен командалар арасында волейболдан спорттық турнир шарасы өтті.
Ауыл азаматы марқұм Сайлаубайұлы Бақтиярды еске алу турнирін жора жолдастары және құрдастары ұйымдастырды. Жарыс барысында ересектер арасында өткен волейбол жарысында Билікөл мешіт жамағаты 1 орын иеленді. Жүлде алған командалар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнир соңында көпшілікке ауызашар ас берілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.