Жуалы ауданы, Қайрат ауылы. «Қайрат» мешітінің асханасында ауызашар берілді. Қасиетті Рамазан айының екінші онеүндігінде ауыл азаматы Ғабит ораза ұстаған ауыл тұрғындары және мешіт жамағаттарына арнайы дастархан жайды.
Мешіт молдасы Бегәділұлы Саурамбек көпшілікке Рамазан айының сауабы турасында әсерлі насихат жасады. Ас соңында бата жасалып, құран оқылды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметті.