Жуалы: Дәурен мешіті арқылы қайырымдылық шарасы өткізілді

Жуалы: Дәурен мешіті арқылы қайырымдылық шарасы өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Қошқарата ауылдық «Дәурен» мешітінде Рамазан айының құрметіне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Шара аясында ауыл имамы Кемерханұлы Нұрмахан және ауыл азаматы Орынбасарұлы Бауыржан көпбалалы отбасына азық-түлік себетін табыстады. Игі іс арқылы олар мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, сауапты амалды жүзеге асырды.

Жалпы, қасиетті айда ауыл мешітінің ұйытқы болуымен көптеген қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп келеді. Жамағаттың жұмыла атқарған сауапты істері арқылы қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық арта түсуде.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: