Ақкөл ауылында жамағатқа арналған "40 парызыңды білесің бе?" атты діни сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Шараны Ақкөл мешітінің имамы Амиров Сейткамаладдин өткізіп, мешітке жиналған жамағатқа мұсылман баласының білуі тиіс 40 парыз бойынша сұрақтар қойылды.
Дұрыс жауап берген қатысушыларға тәспі, жайнамаз, діни кітаптар сынды түрлі сыйлықтар тарту етілді. Іс-шара соңында Сейткамаладдин имам жиналған жастарға ақ батасын беріп, ізгі тілегін білдірді.
Ақкөл мешітінің баспасөз қызметі