Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Нұрбай Айтөренің ұйымдастыруымен ауыл жастарына ауызашар дастарқаны жайылды. Ораза ұстаған жастар арнайы ауызашар дастарқанына келіп, ауыз ашып, рухани уағыз тыңдап, артынан діни сұрақ жауап ойынына белсене қатысты.
Сұрақ-жауап ойынында сұраққа дұрыс жауап берген жастарға хадия-сыйлықтар табысталды. Арнайы жастарға ауызашар Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітінің асханасында өткізілді. Жиын соңында, сауапты іске үлес қосқан барша жастарға Айтөре имам дұға қылып, жұмыстарына береке тіледі.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі