Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Айтөре Нұрбай «Арақсыз ауыл» акциясын жүзеге асырды. Айтөре имам аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп, арақ-шарап сататын дүкен, супермаркеттерді аралап, қасиетті Рмазан айында мас қылатын ішімдіктерді сатпауға, дүкен сөрелерінен алып тастауға шақырып, үгіт-насихат жұмысын жасады.
Аудандық мешіттің наиб имамы «арақ - барлық жаманшылықтың көзі», - деп, Пайғамбарымыздың асыл сөзімен бастап, жоқ дегенде бір ай арақ-шарап сатпауға, біреудің арақ ішіп күнә-қылмыс жасауына себепші болып қалуынан қайтарды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі