Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты бірнеше ауылдық мешіт имамдарының ұйымдастыруымен «Тегін такси» қызметі жүзеге асырылды. «Тегін такси» қызметін бастаған жастар тарауих намазына келген жамағатты үйлеріне аман-есен жеткізеді.
Сонымен қатар, Құлан ауылынан Тараз қаласына тасымалдау қызметі де жолға қойылды. Жаны жомарт жүргізуші жастар Қасиетті Рамазан айын пайдаланып, қолдан келгенше сауапты іске асығып, көліктерімен халыққа қызмет етуді бастап кетті.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі