Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шара өтті. Аталмыш шарада аз қамтылған 10 отбасына азық-түлік таратылды.
Өз кезегінде, Жалғасбай Дүйсенбайұлы Қасиетті айда жақсы амалдарды көбейтудің әрі басқаларды қуантудың маңыздылығы туралы сөз қозғап, жіті тоқталып өтті. Мешіттен жәрдем алған көпшілік бас имамға және мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.
Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.