#Шу: Шу ауданыңда Құран хатым оқылып, жамағат рухани азық алуда

#Шу: Шу ауданыңда Құран хатым оқылып, жамағат рухани азық алуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айы басталғалы бері Шу ауданының мешіттерінде жамағатқа Құран хатым оқылып, қасиетті айдың рухани шаралары кеңінен жүзеге асуда.

«Төле би» мешітінің ұстазы Нұрмұхаммед Қадыров қари күнделікті бесін намазына жиналған көпшілікке Құран хатым оқып, жамағаттың жүрегіне имани жылулық сыйлауда. Аталмыш мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы Құран тыңдаудың үлкен сауап екенің айта өтіп, қасиетті амалға үзбей қатысуға шақырды.

Айта кетейік, биыл Шу ауданына қарасты 14 мешітте тарауих намазында хатым түсіріліп, күндіз жамағатқа Құран оқылуда. Бұл игі дәстүр аудан тұрғындарының діни сауатын арттырып, қасиетті айда құлшылықтарын кемелдендіруге үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: