Орталық «Жәми» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай 50 шәкіртке Рамазан тәттісі сыйға тартылды. Бұл игі шара «Ислам және отбасы құндылықтары жылы» аясында ұйымдастырылып, жас өрендерге рухани мереке сыйлады.
Шәкірттерді қуанышқа бөлеген бұл бастама олардың мешітке деген сүйіспеншілігін арттырып, дін мен дәстүрді ұштастыруға бағытталды. Ұйымдастырушылар балаларға қасиетті айдың берекесі мен маңыздылығы жайлы айтып, олардың діни білімге деген қызығушылығын қолдады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.