Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев Төле би мешітінің жамағатына «Нәпсіні тәрбиелеу» тақырыбында сүбелі уағыз айтты. Рамазан айының рухани құндылықтарын дәріптеген бұл насихатта адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, сабырлық пен тақуалықтың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Тарауық намазына жиналған жамағат имамның сөзіне ұйып, үлкен әсер алды. Намазға сап түзеген көпшілік қасиетті айда ізгі амалдар жасауға ниет білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.